Шаһар шежіресі

Целиноград медицина институты

Тың игерушілердің денсаулық сақтау мәселелерін шешу үшін Қазақстан Коммунистік партиясының Орталық комитеті қаулысымен Тың өлкелік комитеті мен Еңбекшілер депутаттарының өлкелік кеңесінің атқару комитеті 1964 жылы 9 сәуірде «Целиноград қаласында медициналық институт ашу туралы» шешім қабылдады.

Сөйтіп 1964-1965 оқу жылында Целиноград қаласында жыл сайын 300 студент қабылдайтын медициналық институт ашылады. Институттың алғашқы ректоры болып академик, елімізге танымал ғалым Станислав Дмитриевич Полетаев тағайындалды. Ол бұл жоғары оқу орнын 1964 жылдан 1970 жылға дейін басқарды. Оның бастамасымен сол кезде институттың барлық негізгі кафедралары құрылды.

Ал 1966-1970 жылдары типтік медициналық институт кешені салынып,  қалалық ауруханалар пайдалануға беріле бастады.

Суретте Целиноград мемлекеттік медицина институтының ғимараты. 1971 жылдың тамыз айы.

 Ғазиза ИСАХАН

 Фотосурет  ҚР Ұлттық музейінің қорынан алынды.

 

 

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button