#Жаңа Қазақстан

Жаңа кезеңді айқындап берді

– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Egemen Qazaqstan» газетіне берген сұхбаты еліміздің саяси даму жолындағы жаңа кезеңді айқындап берді. Сұхбатты оқи отырып, ел тарихындағы оқиғаларға шолу жасап, маңызды кезеңде өмір сүріп жатқанымызды тағы бір рет түсінеміз. 2023 жыл еліміз үшін айтулы оқиғаларға толы болды. Мемлекеттік деңгейде бірқатар стратегиялық шешім қабылданып, ауқымды өзгерістер мен Президент бастамаларын қолдайтын қоғамның да өзгергенін байқауға болады.

Елімізде «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру жалғасуда. Барлық деңгейдегі мемлекеттік органдарға қо­йылатын басты талап – қоғам пікірімен санасу. Билік қоғамның талап-тілегін тыңдап, естуі керек, олардың өзекті мәселелеріне жедел және нақты нәтижемен жауап беруі тиіс. «Адам мемлекет үшін емес, мемлекет адам үшін» қағидатын берік ұстанған жөн. Халық өміріне, мемлекет тағдырына тікелей әсер ететін шешімдер де көпшіліктің қатысуымен және мақұлдауымен қабылданатын оң тәжірибе қалыптасты. Бұл – Мемлекет басшысының «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидатының өміршеңдігі мен нақты іске асып жатқанының айқын дәлелі.

Сақтаған СӘДУАҚАСОВ,

Amanat партиясы Астана қалалық

филиалының атқарушы хатшысы

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button