Қала мен СалаҚоғам

ДӘРІГЕРЛЕР ДӘРЕГЕЙІ

Астанада «ЭКСПО-2017» мамандандырылған халықаралық көрмесі қарсаңында жедел жәрдем медициналық қызметі бригадаларының екінші республикалық жарысы өтті. Аталған жарыс  «Астана» оқу-клиникалық орталығының 10 жылдығына орай ұйымдастырылып отыр. kbb_6398-kopirovat

Ауқымды іс-шара Астана қаласының әкімдігі мен ҚР Денсаулық сақтау министрлігі, симуляциялық білім беру және медицинадағы тәуелсіз сарапшылар Қазақстан Одағы, Астана қаласының жедел жәрдем стансасының қолдауымен өтіп отыр. Астана қаласы әкімінің орынбасары Ермек Аманшаевтың айтуынша, ақ желеңді абзал жандардың қоғамда алар орны ерекше. Өйткені халықтың денсаулығының мықты болуы дәл осы дәрігерлердің біліктілігіне байланысты.

– Екінші рет өткізіліп отырған жарыс ЭКПО-2017 көрмесінің ашылуына орай ұйымдастырылып отыр. Астана қаласы әкімдігінің атынан барлық қатысушыларға алғыс білдіремін. Медициналық жедел-жәрдем қызметін жетілдіру мақсатында елордада екінші жыл қатарынан кешенді жоспар жүргізілуде. Мемлекет басшысының ерекше қамқорлы­ғының арқасында Астанадағы медициналық мекемелер соң­ғы заманауи медициналық құ­рылғылармен толық жабдық­талған. Денсаулық сақтау са­ла­сын дамытуға арналған ірі мем­лекеттік салалық бағдарламалар жүзеге асырылып жатыр. Сол себептен бүгінгі шараның маңыздылығы зор деп есептеймін, – деді ол.

Осымен екінші жыл қатарынан ұйымдастырылып отырған жарысқа Астана, Шымкент, Алматы, Семей, Қызылорда, Өскемен, Орал, Көкшетаудан келген 10 команда қатысты. Олар шұғыл көмекке мұқтаж жандарға жедел әрі сапалы әрекет ету арқылы көмек көрсету бойынша клиникалық бекеттерден өтулері керек. Жарыстың қорытындысы бойынша бірінші орынды Алматы қаласының жедел жәрдем бригадасы алды. Сондай-ақ екінші орын Астана, ал үшінші орын Семей қаласының дәрігерлеріне бұйырды.

Серік Жолдасбай

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button