Қоғам

Достық үйіндегі дидарласу

Достық үйінде Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов елордадағы ұлттық мәдени орталықтардың өкілдерімен кездесті.

Еліміздегі бірлік пен тұрақтылыққа дәнекер болып жүрген ұлттық мәдени орталықтардың өкілдерін, мерекелік кездесуге жиналған барша қауымды Ата Заңымыз – Конституцияның 25 жылдығымен құттықтады. Кездесу барысында мемлекет және қоғам қайраткері Өмірбек Байгелді еліміздің негізгі заңы туралы, оның ерекшеліктері мен жетістіктері жайлы әңгімелеп берді. Парламент Мәжілісінің депутаты Наталья Жұмаділдаева да өз ойын ортаға салды. «Осы жерде отырған адамдардың арасында Қазақстан Конституциясының бастауына куәгер болған, Елбасымен бірге негізгі заңның құрылуына және қалыптасуына үлес қосқан еліміздің патриоттары да отыр» деді халық қалаулысы.
Өзбек этномәдени орталығының төрағасы Шерзот Пулатов медиация мәселесі туралы сөз қоғады. Ол орталық аясында 18 медиатордың жұмыс істейтінін, олардың қоғамдағы, азаматтар арасындағы достық пен келісімді нығайтуға қосып жатқан үлесін атап өтті. Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Қазақстан халқы ассамблеясы кафедрасының меңгерушісі Халил Маслов қоғамдағы төзімділік, ұлтаралық қатынастағы бірлікті сақтаудың маңыздылығына тоқталды. Осы ретте кафедра аясында атқарылып жатқан жұмыстардың жақсы нәтиже беріп жатқандығын баяндады. Бүгінгі таңда осындай ҚХА кафедралары еліміздің 40 жоғары оқу орындарында ашылған.
Мереке қарсаңындағы кездесудің соңында елорда әкімі Алтай Көлгінов бір топ ҚХА мүшелеріне «Қазақстан Конс­титуциясына 25 жыл» мерейтойлық медальдарын табыс етті.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button