SportЖаңалықтар

ЕЛ НАМЫСЫН «БАРЫС» ҚОРҒАЙДЫ

photo_35456

Шайбалы хоккейден Қазақстан Республикасы Президентінің кубогы үшін өтетін V халықаралық турнирдің билеттері сатылымға шықты.

Дәстүрлі сайыс ҚР хоккей федерациясы, «Нұр Отан» партиясы мен «Барыс» хоккей клубының ұйымдастыруымен 9-13 тамыз аралығында «Қазақстан» спорт сарайында өтеді. Биылғы жарысқа «Барыс», «Авангард», «Металлург», «Нефтехимик» клубтары қатысады. Әуелі айналымдық жүйе бойынша төрт команда бір-бірімен кездесіп, соңғы екі орыннан көрінгендер 3-орынға таласса, алғашқы екеуі бас бәйгені сарапқа салады. Естеріңізде болар, бұған дейінгі турнирлерде астаналық «Барыс» үш рет жеңімпаз атанған болатын.

Билеттер «Қазақстан» спорт сарайының кассаларында сатылуда. Құны – 200-1500 теңге аралығында.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button