Саясат

Елді елең еткізген

АФРИКАДА ҮШ ЖУРНАЛИСТ ҚАЗА ТАПТЫ

Бұдан екі күн бұрын Орталық Африка Республикасында содырлар қолынан қаза тапқан ресейлік журналистер жолдан адасып кеткен екен.
Осының алдында жол бойынан Орхан Джемал, Александр Расторгуев және Кирилл Радченко есімді телеарна қызметкерлерінің мәйіттері табылған болатын. Олардың бәрі Михаил Ходорковскийдің «Тексеруді басқару орталығында» жұмыс істеген болып шықты.
Журналистер деректі фильм түсіру үшін жексенбі күні Африканың осы еліне ұшып келіпті. Кейін анықталғандай, олар барар жолдарынан 23 шақырымға бұрылып кетіпті. Тексерушілерге сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері мінген, БҰҰ ұсынған көліктің жүргізушісі де күдікті болып көрінген.
Журналистердің қалталарында сол кезде 8,5 мың доллар ақша болған. Бұдан бөлек, түсіру аппараттары тағы бар. Олар тексеру бекетінде тоқтатылып, атып өлтірілген. Ал денелері мен машиналары бірнеше шақырым жерге апарылып тасталған.
Ресейліктерге 10 содыр шабуыл жасаған, олардың бәрі де араб тілінде сөйлеген.

ГРУЗИЯ МАРИХУАНАҒА ҚАРСЫ ЕМЕС

Грузия парламенті қыркүйек айында марихуананы қолдануды заңдастыруға байланысты заңға өзгеріс енгізгелі отыр.
Мұның алдында елдің конституциялық соты оппозициялық «Гирчи» партиясының талап-арызын қанағаттандырып, азаматтарды марихуана қолданғандары үшін әкімшілік жазаға ұшыратудан бас тарту жөнінде қаулы қабылдаған болатын. Мұны ол «марихуананы қабылдау жеке азаматтардың өз еркіндегі шаруа» деген тұжырымға сүйеніп шығарды.
Жалпы, Грузияда халықтың 75 пайызы марихуанаға тыйым салуға қарсы екендерін білдірген екен.

МЫСЫРДА 39 СОДЫР СОТТАЛДЫ

Мысыр соты «Мұсылман бауыр­лар» қозғалысының 39 мүшесін өмірлік түрмеде отыру жазасына кесті.
Елде тыйым салынған қозғалыс мүшелері бұл жазаны 2013 жылы Мухаммед Мурси биліктен бас тартқаннан кейін жасаған зорлық-зомбылық қылмыстары үшін алды.
Қазіргі таңда аталған топтың жоғары басшылығының бәрі дерлік іс жүзінде түрмеде отыр. Содыр­лар лидерлеріне Каирдың Рабиа әл-Адавия ауданында тоқтаусыз қарсылық қозғалысын ұйымдастырып, мемлекеттік құрылым діңгегіне залал келтірді деген айып тағылған.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button