Саясат

Елді елең еткізген

АЛАЯҚТАРҒА АҚША БЕРМЕЙТІН БАНКОМАТ

Жапонияда алаяқтықпен айналысып жүргендерге қарсы тұратын алғашқы банкомат ашылды. Оның жұмысымен Hitachi компаниясы айналысып жатыр.

Жаңа банкоматтың бір ерекшелігі ішкі-сыртқы дизайны толығымен өзгерген. Сол сияқты айналасына қосымша камералар мен адамның дауысын, түрін айы­ра алатын аппараттар орнатылған. Айта кетерлігі, банкоматтан ақша алмақ болған адамға көзілдірігін, бас киімін, сондай-ақ бет-әлпетін анықтауға кедергі келтіретін өзге де аксессуар­ларын шешу талап етіледі.
The Mainichi басылымының хабарлауынша, жаңа банкомат қазір Айти префектурасындағы Хонсю аралында орнатылып, сынақтан өтіп жатыр.

ЭБОЛА ІНДЕТІ ДЕНДЕП БАРАДЫ

Конго Демократиялық Республикасында эбола індеті белең алып барады. BBC мәліметі бойынша, шілде айынан бері бұл елде 200-ден астам адам көз жұмған.

«10 қарашадағы жағ­дай бойынша 326 адам эбола ауруын жұқтырды деген күдікке ілінді. Оның 291-інде дәлелденсе, 35 адам зертте­ліп жатыр» деп жазды елдің денсаулық сақтау министрлігі. Соңғы бірнеше күнде 7 адамның ауырғаны анықталып, оның 3-еуі өліммен аяқ­талды. Сол сияқты атал­ған дертті жұқтырған 98 адам айыққан. 8 тамыз­дан бері Конго елінде 28303 адамға қауіпті ауруға қарсы вакцина салынды.
Эбола адам­ға жабайы жануар­лар арқылы жұғады. Бұлшықет, бас, тамақ ауруы алғашқы белгілері болып есептеледі. Ары қарай бас айналып, бүйрек, бауыр ағзаларының жұмысы бұзылады.

ГАЗА СЕКТОРЫНДА ЖАҒДАЙ ҚАЙТА УШЫҚТЫ

ТАСС агенттігінің хабарлауынша, Израиль тарапы Газа секторына 7 ракета ұшырыпты. Ал жауап ретінде қарсы бағытқа 10 ракета жіберілген.

Газа секторында мұндай шабуылдың салдарынан қаза болғандар мен жараланғандар бар. Алайда нақты са­ны әзірге белгісіз. Ал Израильде офицерлер­дің бірі мерт болса, енді бірі жарақат алған. Жағдайдың ушығуына байланысты Израильдің премьер-министрі Биньямин Нетаньяху Парижге арналған іссапарын тоқтатып, еліне қайтуына тура келді.
Өткен жылдың желтоқсан айында АҚШ президенті Дональд Трамп Иерусалимді Израильдің астанасы ретінде мойындағаннан кейін екі тарап арасында қақтығыстар жиілеп кетті.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button