Саясат

Елді елең еткізген

Зеленский Жоғарғы Раданы таратады

Украинада Президентті ұлықтау рәсімі өтіп жатыр. Сонымен Владимир Зеленский ел президенті қызметіне ресми кірісті. Ұлықтау рәсімінде Зеленский Жоғарғы Раданы тарататынын айтты.

Украинаның алтыншы президенті ұлықтау рәсімінде сөйлеген сөзінде әлеуметтік мәселелерге тоқталды. Сондай-ақ ол әр украиналықтың президент екенін атап өтті әрі баршаны заң мен тәртіпке бағынуға шақырды. Одан бөлек, Зеленский әлемнің әр бұрышында тұратын украиналықтарды елге оралуға шақырды.
21 сәуірде Украинада өткен президенттік сайлауда Зеленский 73,2 пайыз электораттың дауысын жинап, президенттік бәйгеде жеңіске жетті.

Роналду Палестинаға көмек берді

Аты аңызға айналған португалиялық футболшы Криштиану Роналду Палестинаға Рамазан айына орай 1,5 миллион доллар ақша берген.

Роналду бұдан бұрын «Израиль Палестинаға әлімжеттілік жасап, геноцидтік саясат қолданды, бейбіт тұрғындардың қанын төкті» деп қатаң сынға алған болатын. 2012 жылдың қарашасында Израиль Палестинаны бомбылаған кезде, Роналду аукционға өзінің «Алтын етігін» қойып, одан түскен қаржыны Палестина балалар қорына атаған-ды.
Келесі жылдың наурыз айында Португалия мен Израиль арасындағы 2014 жылғы әлемдік додаға іріктеу жарысында ол «Израильдың туы бар көйлек кигісі келмейтінін» айтып, өз жейдесін израильдік ойыншымен алмастырудан бас тартты.

«Көжегі» 91 миллионға сатылды

Америкалық суретші Джефф Кунстың «Көжек» деп аталатын мүсіні бәссаудада 91 миллион 100 мың долларға сатылды. Сөйтіп, көзі тірі қылқалам шеберлерінің арасында рекордты жаңартты.

«Кристис» сауда үйінің бәссаудасы Нью-Йоркте өтті. 1986 жылы болаттан жасалған мүсін үшін сайыс 10 сағаттан астам уақытқа жалғасты. Ақырында бірегей туындыны арт-дилер, АҚШ Қаржы министрі Стивен Мнучиннің әкесі Роберт Мнучин сатып алды.
Бұған дейін көзі тірі суретшілер арасында туындысы ең қымбатқа сатылған рекорд Дэвид Хокниге тиесілі болған. Оның «Суретші портреті. Екі фигура мен бассейн» картинасы 1972 жылы 90 миллион 200 мың долларға сатылған.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button