Мәдениет

Елорда оқ бойы озық шықты

Шәкәрім оқулары ІІ республикалық байқауының Астана қалалық кезеңінде топ жарған №73 мектеп-лицейдің 5-сынып оқушысы Едіге Қилымбекұлы байқау қорытындысында бас жүлдені иеленді. Аталмыш республикалық байқауға 17 облыс пен республикалық маңызы бар қалалардың 19 кітапханасы атсалысты. Финалда әр өңір мен қаладан 5-8-сынып аралығындағы 18 жасөспірім жарысты. Қорытындысында елорда оқ бойы озық шықты.

Жалпы бастапқыда осы байқауға еліміздің барлық аумағынан 2000-нан аса үміткер қатысып, ерекше белсенділік танытты. Өңірлерде топ жарғандар Астанаға жиналып, Ұлттық академиялық кітапханада өнерін ортаға салды.

Қазылар алқасының құрамында белгілі ақын, ғалым, филология ғылымдарының кандидаты, профессор Жанат Әскербекқызы, осы байқаудың өтуіне қолдау көрсетіп, демеушілік еткен кәсіпкер, «Адал ас» корпорациясының президенті Ермек Мезібаев, абайтанушы ғалым, «Абай академиясы» ғылыми-зерттеу институтының директоры Жандос Әубәкір, белгілі ақын, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреты Қалқаман Сарин, Ұлттық академиялық кітап­хана директоры Ғазиза Құдайбергенқызы болды.

Байқау қорытындысында бас жүлдені Астана қаласының №73 мектеп-лицейінің 5-сынып оқушысы Едіге Қилымбекұлы иеленді. 1-орынды 7-сынып оқушысы Әдия Әділахмет (Тараз қаласы), 2-орынды 8-сынып оқушысы Кәусар Ислямқызы (Батыс Қазақстан облысы), 3-орынды 5-сынып оқушысы Ай­ару Әлібек (Абай облысы) алды. Жеңімпаздарға және байқауға қатысушыларға демеушілер есебінен бағалы сыйлық берілсе, жетекшілері арнайы алғыс хатпен марапатталды.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button