ӘлеуметЖаңалықтар

«Elorda zhastary»:Үй аламын десеңіз…

«Elorda Zhastary» тұрғын үй бағдарламасы – елорда әкімдігі мен Отбасы банкінің бірлескен жобасы. Өтінімдерді қабылдау 14 қазанда басталып, бағдарлама порталында жүзеге асырылады. Бағдарлама бойынша қарыз алушыларға несие беру үшін 3,6 млрд теңге бөлінеді. Бұл қаражат бағдарламаның 200-ге жуық қатысушысын несиелендіруге көмектеседі.

[smartslider3 slider=143]

Жуырда Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов пен Отбасы банк Басқарма Төрайымы Ләззат Ибраги­мова ынтымақтастық туралы тиісті меморандумға қол қойды.
– «Elorda Zhastary» – табысы жоғары емес жастарға тұрғын үй мәселесін шешуге арналған. Біз олардың Отбасы банкінің есепшоттарында құлшыныспен ақша жинап жатқандарын және де пәтер алуға дайын екенін білеміз, бірақ олардың қаражаты мен мүмкіндіктері жеткіліксіз. Ал жаңа тұрғын үй бағдарламасы іске қосылса, олар биыл жаппай қоныс тойын тойлауға мүмкіндік алады. Оның дәлелі ретінде – Алматы қаласын келтіруге болады, аталмыш қалада осыған ұқсас бағдарлама үлкен сұранысқа ие. Оның көмегімен қазірдің өзінде тұрғын үй мәселесін 2000 алматылық шешті, – деп түсіндірді Отбасы банк Басқарма Төрайымы Ләззат Ибрагимова.
Бағдарламаға қатысу үшін qatysu.zhilfond.kz сайтында биылғы жылдың 14 қазанынан бастап өтініш беруге болады. Авторизациядан өту үшін электрондық цифрлық қолтаңба қажет, оны онлайн режимінде немесе жақын орналасқан халыққа қызмет көрсету орталығында алуға болады.
Өтінімдерді қабылдау мерзімі аяқталған соң қатысушыларды іріктеу басталады. Үміткерлер пулы балдық жүйе бойынша қалыптасады. Ол еңбек өтілін және өтініш берушінің (ерлі-зайыптылардың біреуінің немесе олардың балаларының) 1,2,3 мүгедектік тобына жататын-жатпайтынын ескереді.
Пул құрылғаннан кейін оның қатысушылары Отбасы банкінен несие алуға жолдама алады. Банк бағдарлама қатысушысының төлем қабілеттілігін тексеріп, жылдық 5 пайызбен жеңілдетілген несие береді. Алғашқы жарна – 10%. Елордалық жас тұрғындарға берілетін несиенің ең жоғары сомасы – 18 млн теңге, мерзімі – 25 жылға дейін. Оның көмегімен алғашқы немесе қайталама нарықтан, сондай-ақ «Қазақстан тұрғын үй компаниясы» АҚ-ның кепілдемесімен үлестік қатысу шарты бойынша салынып жатқан тұрғын үй сатып алуға болады.

«Elorda Zhastary» қатысушыларына қойылатын талаптар:
Өтініш берген уақытта қатысушының жасы 35-тен (қоса алғанда) аспауы тиіс.
Қатысушының және онымен бірге тұратын отбасы мүшелерінің соңғы 1 жыл ішінде Нұр-Сұлтан қаласында үздіксіз тұрақты тіркеуі болуы қажет;
Қатысушының Отбасы банкінде сатып алатын баспана құнының 10% мөлшеріндегі алғашқы жарнасын бар депозиті болуы тиіс (салымның бар екендігі туралы анықтама немесе шот бойынша үзінді көшірме).
Соңғы 5 жыл ішінде бағдарламаға қатысушы мен оның отбасы мүшелерінің ҚР аумағында сатып алу құқығымен жалдамалы тұрғын үйі немесе меншік құқығында тұрғын үйі болмауы қажет.
Қатысушының өтініш берген кезде кемінде соңғы бір жыл ішінде Нұр-Сұлтан қаласында таңдалған саласында ресми жұмыс тәжірибесі болуы тиіс. Ол зейнетақы шотының үзінді көшірмесімен расталады.
Отбасының 1 мүшесіне шаққандағы соңғы 6 айдағы табыс 6 ең төменгі күнкөріс деңгейінен теңгеден аспауы тиіс (зейнетақы жарналары, жеке табыс салығы және басқа да міндетті жарналарды қоспағанда);
Бағдарламаға ерлі-зайыптылардың біреуі ғана қатыса алады.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button