ДенсаулықЖаңалықтар

Алғашқы көмек беруге үйретеді

Елордада 9 қазанда қалалық полиция департаменті қызметкерлеріне алғашқы медициналық көмек беруден сабақ өткізіледі.

[smartslider3 slider=142]

Қалалық жедел-жәрдем стансасы жанындағы симуляциялық оқыту орталығының нұсқаушылары құқыққорғау органдары қызметкерлерін шұғыл жағдайда қалай алғашқы көмек беру керектігін үйретеді. Оқыту курсын өткізу туралы полиция департаменті мен қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшылығы бірлесе шешім қабылдады. Себебі оқиға орнына ең бірінші жететін полиция мен жедел жәрдем бригадасы.  «Әрбір құқық қорғау органы қызметкері өмірінде бір рет болса да шұғыл медициналық көмек көрсету қажет етілетін жағдаймен ұшырасты. Қазіргі заман және әлемдік пандемия талаптарына сай медицина мамандары келгенге дейін оқиға орнында алғашқы көмек көрсету аса қажет», деп санайды орталық мамандары.
Мұндай тәжірибе көптеген дамыған елдерде бар. Мәселен, Израильде «Жедел еріктілер қызметі» деп аталатын қызмет танымал бола бастады. Бұл арнайы курстан өткен еріктілер тобы кәсіби мамандар келгенше шұғыл көмек беруге дағдыланған. «Шетелдік тәжірибені негізге ала отырып симуляциялық оқыту орталығының нұсқаушылары алғашқы көмек көрсетуді өз еркімен үйренгісі келетіндерді оқытады. Себебі адам өмірін сақтап қалуда әрбір минуттың маңызы зор болуы мүмкін», деді нұсқаушылар. Қызметкерлерге арналған шеберлік класы  «Динамо» спорт кешені базасында ұйымдастырылады. Курсты тәжірибелі мамандар өткізеді.
 

Тағыда

Райхан Рахметова

«Астана ақшамы» газетінің шолушысы

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button