Білім

Елордада 8 мыңға жуық студентке жатақхана қажет

Бүгінде Астана қаласында 115 мың студент білім алуда. Соның ішінде 8 мыңға жуық студентке жатақхана қажет, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Бұл туралы қалалық Жастар саясаты басқармасының ұйымдастыруымен Студенттік жатақханалар құрылысы фронт-кеңсесінде өткен жиында айтылды.  Бейбітшілік көшесі, 9 мекенжайда өткен жиында елордадағы салынып жатқан жатақханалар құрылысы бойынша жұмыстар барысы сөз болды.


«Жатақханалар құрылысы – Мемлекет басшысының, сондай-ақ елорда әкімінің бақылауында тұрған қаланың маңызды мәселелерінің бірі. Биыл инвесторлардың көмегімен 1500 орындық 6 жатақхананы пайдалануға беру жоспарлануда. Осы ретте жатақхана мәселесі Жастар саясаты мәселелері басқармасының ерекше бақылауында айта кеткіміз келеді», делінген басқарманың баспасөз қызметінің әлеуметтік парақшасындағы жазбада.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button