Ел тынысы

Елордада әлеуметтік қорғау саласы бойынша «Қызмет тұтынушылар күні» өтті

Бүгін Астана қаласында Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің ұйымдастыруымен әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша «Қызмет тұтынушылар күні» өтті.

Оның негізгі мақсаты – азаматтардың әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік қызметтерді пайдалану кезіндегі өз құқықтары мен мүмкіндіктері туралы жан-жақты ақпараттандыру, консультациялық көмек көрсету.

Шараға МҚІА және оның Астана қаласы бойынша аумақтық департаменті, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ өкілдері, сондай-ақ үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері мен әлеуметтік қорғау саласында қызмет алатын азаматтар қатысты.

Шара барысында зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру, әлеуметтік сақтандыру қорынан әлеуметтік төлемдерді, атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау, халықты жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері талқыланды.

Қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсетуге қатысты өз ескертулері мен ұсыныстарын айтты. Талқылауға қатысушылар осы саладағы қызметтер бойынша одан әрі жетілдіруді қажет ететін негізгі аспектілерді зерделеді.

Атап өту керек, бүгін «Қызмет алушылар күні» еліміздің барлық өңірлерінде өтті. Мемлекеттік қызмет көрсетудің түрлі бағыттары бойынша қызмет алушылармен ашық кездесулер өткізудің мұндай тәжірибесі алдағы уақытта да жалғасын табатын болады.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button