БілімҚала тіршілігі

Елордада «Astana Learning Management System» жобасы іске қосылады

Сынақтағы «Smart мектеп» жобасы озық техно­логиялардың мүмкіндігін орта мектептерде пайдалануға жол ашты. Биылғы оқу жылының жаңалығы – оқушылардың үлгерімін мобильді қосымша арқылы бақылауға мүмкіндік беретін «Astana Learning Management System» жобасы.

0010

Тың жоба «Edupage» порталы арқылы жүзеге асады. Веб-сайт түрінде жұмыс істейтін аталмыш жүйе смартфондар мен планшеттерге арналған мобильді қосымша үлгісінде де қолжетімді болмақ.
Жаңа жобаның арқасында енді ата-аналар мұғалімдермен тікелей байланыс орната алады. Кез келген уақытта сабақ кестесін, оқушының бағаларын, үй жұмысын, сабаққа қатысу журналын, тіпті асхана мәзіріне дейін қарауға болады. Сондай-ақ, ата-аналар мектеп жаңалықтарынан хабардар болып, алдағы жиналыстар мен шаралар жөнінде біле алады және сауалнамаларға қатысуға мүмкіндік бар.
Ал мұғалімдер электронды жүйенің көмегімен сабақ кестесін автоматты түрде жасап, бағалар мен үй жұмысын жедел тіркеуі тиіс.
Елордалық әрбір мектепті ли­цензиялық бағдарламамен қам­тамасыз ету 100 мың теңгені құрайды. Ал ата-аналар қосымшаны Play Market немесе App Store арқылы тегін жүктей алады.
Бағдарлама іске қосылғанда, мектеп әкімшілігі әр оқушыға құпиясөз береді.
Жүйенің жұмысына интернеттің ең төмен жылдамдығы жеткілікті.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button