Елорда тынысы

Елордалық конькиші – күміс жүлдегер

Германияда өткен конькимен жүгіруден жасөспірімдер арасындағы әлем чем­пионатында астаналық Алина Дауранова күміс жүлдегер атанды.

Алина Дауранова 1000 метр қашықтықты 1:17.76 уақытта бағындырып, мәре сызығын екінші болып кесті. Осыған дейін астаналық спортшы 500 метр қашықтыққа жүгіруден қола медаль еншілеген болатын.

Сондай-ақ Қазақстан спортшылары Германия, Испания, Италия, Канада, Оңтүстік Корея, Латвия, Нидерланды, Норвегия, Польша, АҚШ спортшылары қатысқан командалық спринт жарысында күміс жүлдеге қол жеткізді. Құрама сапында Алена Лифатова, Арина Ильященко, Алина Дауранова және Кристина Шумекова өнер көрсетті.

Осылайша, Инцелль қаласында өткен конькимен жүгіру спортынан әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы үш жүлдеге қол жеткізді, оның екеуін астаналық спортшы жеңіп алды.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button