Денсаулық

Жүрегі 53 рет тоқтаған

Астана қаласындағы №2 қалалық көпсалалы аурухананың дәрігерлері бір тәулікте 53 рет жүрегі тоқтап қалған науқасты аман алып қалды.

Дәрігерлер ауруханаға 6 қаңтарда өте ауыр хәлде жедел жәрдеммен түскен науқастың өмірі үшін 35 күн бойы күресті.

Мамандардың айтуынша, науқастың қан айналымы үнемі тоқтай берген.  Күні-түні оның жүрегі қайта-қайта «іске қосылып», кейде соғуын тоқтатқан. Осылайша бір күнде жүрек 53 рет тоқтаған. Содан жасанды жүрек пен өкпенің қызметін атқаратын экстракорпоральды мембрана оксигенациясын қосуға тура келді.

Астаналық ауруханадағы бұл оқиғаны медицина реаниматологтары «медицинаның ғажайыбы» деп атап отыр.

Қазір науқастың жағдай тұрақталып, интервенциялық кардиология бөлімінде ем алып жатыр.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button