Елорда тынысы

30-дан аса үйдің құрылысы аяқталады

Астанада алдағы уақытта 30-дан аса «сақалды» тұрғын үй кешенінің құрылысы аяқталады. Елордадағы үлестік құрылыс нысандарын аралаған Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек осындай мәлімдеме жасады.

Ол жуырда төрт көппәтерлі тұрғын үй кешендерінің үлес­керлерімен кездесті. «Үлестік құрылыс нысандарын аралау барысында төрт көппәтерлі тұрғын үй кешенінің үлескерлерімен кездестім. Олар: «Мирный дом», «Тұран Сығанақ», «Территория комфорта-1» (2 кезек), «Хазар». Үлескерлердің жалпы саны 1200-ден астам отбасыны құрайды. Нысандардың өткен тарихы әртүрлі. Мәселен, «Мирный дом» тұрғын үй кешені 10 жыл бұрын проблемалы деп танылған. Нысанды «Елорда құрылыс компаниясына» тапсырар кезде құрылысы нөл деңгейінде болатын. «Территория комфорта-1» тұрғын үй кешені (2 кезек) тіптен апатты деп танылып, үйлердің блоктары бұзылды. Тиісінше құрылысы басынан қайта басталды. «Территория комфорта» тұрғын үй кешенінің бірінші кезегінің құрылысы аяқталып, үлескерлерге пәтер кілттері тапсырылды. Қазір екінші кезек бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр» деп түсіндірді Ж.Қасымбек.

Осыған дейін әкімдік құрылысы ұзаққа созылған нысандарды аяқтау бойынша жүйелі жұмыс жүргізген. «Дегенмен алдымызда тағы 30-дан аса тұрғын үй кешендерінің құрылысын аяқтау міндеті тұр. Онда мыңдаған үлескерлер отбасы өз пәтерлерін жылдар бойы күтіп жүр. Құрылыс сапасына ерекше назар аудара отырып, жұмыс қарқынын арттыруды тапсырдым. Құрылысы ұзаққа созылған нысандарды аяқтау – әкімдіктің басты міндеттерінің бірі» деді қала басшысы.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button