Жаңалықтар

ЕЛОРДАЛЫҚТАР ҚАЙДА ДЕМАЛАДЫ?

Ербол БЕЙІЛХАНЕрбол БЕЙІЛХАН, ақын:
– Отбасымызбен үнемі Бурабай мен Зеренді, Ерейменнің әсем жерлерінде дем алуды дәстүрге айналдырғанбыз. Өткен жылы Монғолиядағы Байөлке аймағына демалып келдім. Ондағы туыс-туғандарды, ел-жерді аралап қайттым. Керемет демалғанымды жасырмаймын, сенесіз бе, тоғыз күнде маған жиырма қой сойыпты. Ет пен сары қымыздан есім шықты. Ал, биыл Қытай еліндегі қандастарыма кетіп барамын. Өр Алтай да – өз жеріміз. Алтайда бабаларымның басы жатыр. Барып құран оқытып, бет сипап қайту – перзенттік парызымыз. Жалпы, «Өлі разы болмай, тірі байымайды» деген аталы сөзді қатты ұстанатын адамның бірімін.

Гаухар ЖҮСІПОВАГаухар ЖҮСІПОВА, Қ.Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық Қазақ музыкалық-драма театрының әртісі:
– Шетелге жиі шығамын деп айта алмаймын. Өйткені, онда демалу үшін қара­жа­тым жеткіліксіз. Жаз мезгілінде өз елім­нің табиғаты әсем, көрікті жерлеріне саяхатқа шығамын. Өзім – екінші Швейцария сана­латын Көкшенің қызымын. Сәкен Сейфуллин «Сексен көл Көкшетаудың саясында, Әрқайсы алтын кесе аясында, Ауасы дертке дауа, жұпар иісі, Көкірек қанша жұтса тоясың ба?» деп жырлағандай, Көкшенің Бурабай, Зеренді, Шалқар сияқты көлдеріне жиі барамын. Әрине, ақшам көп болса шетелге де барғым келеді. Бірақ, елордалықтарға Қазақстанның Баянауыл, Жайық, Балқаш секілді демалыс орындарына барып, отандық туризмді дамытуға үлес қосуға кеңес беремін.

Жайна СЕЙДАХМЕТОВАЖайна СЕЙДАХМЕТОВА, студент:
– Отбасымызбен шетелге жиі шығамыз. Әсіресе, Тайландта демалған ұнайды, өйткені, онда көп нәрсе арзан. Алайда, жолақысы қым­батқа түсуі мүмкін. Мәселен, Түркияға сапар шегу үшін 127 мың теңге кетсе, Тайландқа 273 мыңдай кетеді. Бірақ, Астанадағы туған-туыс­тар­дың көбі Бурабайға барып, демалғанды тәуір көреді.

 

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button