Қала мен Сала

Энергияны үнемдеу үшін

Астанадағы Достық үйі ғимаратында «Энергияны үнемдеу үшін «жасыл» технологияларды енгізу» тақырыбында дөңгелек үстел отырысы өтті. Онда тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты, оның ішінде қаланың көпқабатты және коммуналдық ғимараттарын жаңғырту мәселелері талқыланды.

мдігінің, қала мәслихатының, Қазақстан Республикасы Парламентінің, ҚР Өнеркәсіп және құрылыс, Энергетика министрліктерінің, сондай-ақ сараптамалық қоғамдастықтың, халықаралық ұйымдар мен даму институттарының өкілдері қатысты.
«Жасыл байтақ» партиясы Астана қалалық филиалының басшысы, «Урбанистикадағы заманауи тәсілдер және ТКШ-дағы жасыл тәсілдер туралы» «Eurasian Expert Council» қоғамдық қорының төрағасы Шыңғыс Лепсібаевтың айтуынша, энергияны үнемдеу мәселесі бүгінгі таңдағы өте маңызды проблемалардың бірі.
– Қазіргі уақытта Астана қаласы әкімдігінің басшылығымен қаланы «жасыл» ету үшін түрлі іс-шараларды қамтитын 2035 жылға дейінгі қаланы дамытудың Бас жоспарының жобасы әзірленуде. Өздеріңізге мәлім, елордада 1950-1970 жылдары салынған ескі үйлер әлі де бар. Қанатқақты жоба және тұрғын үй реновациясы бағдарламасы аясында Астанада үш жылдан бері сол ескірген ғимараттар мен желілер жаңғыртылуда. Мәселен, бас қаладағы Жастар шағын ауданындағы көппәтерлі тұрғын үйлерде осындай жаңғыртулар жүзеге асырылды. Алдағы уақытта бұл жұмыстар елорданың басқа аудандарында да жүргізіледі. Бүгінде біздің әкімдік бұл мәселеге қолдау білдіріп отыр. Бұл ретте бірінші кезекте коммуналдық нысандарды, яғни ескі мектептер мен ауруханаларды қайта құру арқылы жаңғырту керек, – деді «Жасыл байтақ» партиясы Астана қалалық филиалының басшысы.
«Жасыл экономика саласындағы іс-қимылдар үшін әріптестік» бағдарламасы шеңберінде БҰҰДБ Астананың даму Жол картасына стратегиялық экологиялық бағалау жүргізіп, пилоттық жобаларды іске асыру алдында сарапшылар қалалық әкімдік өкілдерімен бірлесіп көппәтерлі үйлердің тұрғындарымен түсіндіру кездесулерін өткізді.
Мамандардың мәлімдеуінше, еліміздегі көппәтерлі тұрғын үй қорының негізін 1960-1990 жылдары салынған ғимараттар құрайды. Бұл сектор энергетика және өндіріс секторынан кейінгі жылу және электр энергиясының үшінші ірі тұтынушысы болып табылады және электр энергиясының шамамен 11 пайызын және шығарылатын жылу энергиясының 40 пайызын тұтынады. Бұл ретте сала мамандары қанатқақты жобаның нәтижелері ТКШ секторында энергия үнемдеудің айтарлықтай әлеуеті бар екенін жеткізді.
Қаладағы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты, оның ішінде елорданың көпқабатты және коммуналдық ғимараттарын жаңғырту барысында үйдің қабырғалары мен панельаралық тігістерді жылыту, суағарлар мен толқындарды қалпына келтіру, кіреберіс есіктер мен балкон конструкцияларын ауыстыру сияқты іс-шаралар да жүргізіледі. Кіреберістерде ескі жарықтандыру құрылғылары LED жарықтандырумен толық ауыстырылады.
– ТКШ жаңғырту аясында ең бас­тысы, көппәтерлі тұрғын үйлердің құбырларын ауыстыра отырып, жылыту, ыстық және суық сумен жабдықтау жүйесі жаңғыртылады және автоматтандырылған жылу пункттері орнатылады, – деді Шыңғыс Лепсібаев.
Еліміздегі тұрғын үй қорын жылумен және электрмен жабдықтау секторындағы парниктік газдар шығарындыларының жартысынан астамы үй-жайларды жылытуға тиесілі. Сараптамалық бағалаулар бойынша 60 000-ға жуық көппәтерлі үйлердің заманауи талаптарға сай келмейтін жылу техникалық сипаттамалары бар және энергия тиімді жаңғыртуды талап етеді.
Сала мамандарының айтуынша, қанатқақты жоба Жаһандық экология­лық қордың Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің, Астана қаласы әкімдігінің міндеттемелері мен қаржылық қолдауының арқасында мүмкін болған маңызды бастама екен.

Тағыда

Гүлбаршын Өкешқызы

«Астана ақшамы» газетінің тілшісі

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button