Әлеумет

Ерекше жандарға қолдау көрсетеді

Астанада бүгінде халықтың әлеуметтік осал тобына жататын 186 мың адам болса, соның ішінде 33 мыңы – ерекше қажеттіліктері бар адамдар. Олардың құқығын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту – мемлекетіміз алдына қойған маңызды міндеттің бірі. Осы ретте Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы өз құзыреті шеңберінде бірқатар қызмет түрін ұсынады.

Басқарма басшысының орынбасары Айгүл Таласованың айтуынша, елордада ерекше жандардың құқығын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі Ұлттық жоспар шеңберінде әлеуметтік қызметтер порталы енгізілді.

– Ерекше күтімді қажет ететін адамдар, оның ішінде ерекше қажеттіліктері бар балалар абилитациялау және оңалтудың жеке бағдарламасындағы ұсынымға сәйкес оңалтудың техникалық құралдары және оңалту қызметтерімен әлеуметтік қызметтер порталы – aleumet.egov.kz арқылы қамтамасыз етіледі. Портал ерекше қажеттіліктері бар адамдарға оңалту қызметтері және техникалық құралдар өндірушісі мен жеткізушіні өз бетінше таңдауға мүмкіндік береді. Көмек түріне тапсырыс беру қызмет көрсетілетін адамның электрондық цифрлық қолтаңбасымен растау арқылы жүзеге асады. Тапсырыс қызметін жеткізу немесе алып кету арқылы алуға болады, – дейді А.Таласова.

Биыл жыл басынан бастап Астанада 26011 адам техникалық оңалту құралдарымен және оңалту қызметтерімен қамтамасыз етіліпті. Оның ішінде протез-ортопедия көмегімен – 3308 адам, сурдотехника құралдарымен – 757 адам, тифлотехника құралдарымен – 1256 адам, кресло-арбамен – 963 адам, санаторий-курортта емделумен – 4997 адам, жеке көмекшінің қызметімен – 2695 адам, ымдау тілі маманының қызметімен – 500 адам, міндетті гигиена құралдарымен 11535 адам қамтылған.

Биыл жыл басынан бастап Астанада 26011 адам техникалық оңалту құралдарымен және оңалту қызметтерімен қамтамасыз етіліпті. Оның ішінде протез-ортопедия көмегімен – 3308 адам, сурдотехника құралдарымен – 757 адам, тифлотехника құралдарымен – 1256 адам, кресло-­арбамен – 963 адам, санаторий-курортта емделумен – 4997 адам, жеке көмекшінің қызметімен – 2695 адам, ымдау тілі маманының қызметімен – 500 адам, міндетті гигиена құралдарымен 11535 адам қамтылған

– Сонымен қатар ерекше қажеттіліктері бар адамдар үшін көрсетілетін әлеуметтік көмек түрлері де бар. Атап айтқанда, оларға қалалық жолаушылар көлігі маршруттарында тегін жүру, екі жылда бір рет тіс протездеу қызметіне жүгіну, санация, күніне біржолғы ақшалай төлем алу (қазанның екінші жексенбісі), қатты отын сатып алуға, газ қазандығын өткізуге және орнатуға жұмсалған шығынды өтеу жатады, – дейді басқарма басшысының орынбасары.

Елордада сондай-ақ дәрігерлік-консультациялық комиссия қорытындысын алған ерекше қажеттіліктері бар ересектер мен балалар үшін инватакси қызметі ұсынылады. Ол ерекше қажеттіліктері бар және онымен бірге жүретін адамды межелі нүктесіне тегін жеткізіп тастайды. Инватакси автокөлігінің саны 2019 жылы 36 болса, қазір екі есе өсіп, 117 көлікке көбейді. Шілде айынан бастап Астана қаласындағы ерекше қажеттіліктері бар жандар үшін Яндекс Go сервері арқылы қыз­мет көрсетілетін қанатқақты жоба іске қосылды. Бүгінгі таңда бұл жоба арқылы 174 адам қамтылып, оларға жеткізу қызметі көрсетілуде. Сондай-ақ қалада осындай жандар үшін ашылған екі заманауи спорт кешені жұмыс істейді: біріншісі – Ақшоқы көшесіндегі параолимпиадалық жаттығу орталығы, екіншісі – Тұран даңғылындағы «Тарлан» мұз аренасы. Жалпы алғанда, халықты әлеуметтік қорғау мәселесі – басқарманың тұрақты бақылауында.

Тағыда

Райхан Рахметова

«Астана ақшамы» газетінің шолушысы

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button