Елорда тынысы

Ерлан ҚАРИН, ҚР Мемлекеттік хатшысы: Депутаттар жауапкершілігі артады

Кеше Мемлекеттік хатшы Ерлан Қарин өзінің Youtube арнасында бір мандатты сайлау округтерінің не үшін енгізілетінін түсіндірді.

[smartslider3 slider=3092]

«Бір мандатты сайлау округтері енгізіледі. Яғни, саяси партиялармен қатар Мәжіліске және облыстық мәслихаттарға партияға мүше емес депутаттар сайлана алады. Ал қалалық және аудандық мәслихат депутаттарын түгелдей бірмандаттық округтер арқылы сайлау жоспарланып отыр. Бұл өзгеріс сайлаушыларға не береді? Біріншіден, қазір азаматтардың көбі мәслихаттағы өз депутаттарын танымайды. Өйткені олар партиялық тізім бойынша сайланады. Енді азаматтар сайлауда өзі қалаған партияға ғана емес, нақты кандидатқа дауыс бере алады. Тіпті өз кандидатын да ұсына алады. Сол арқылы депутаттардың сайлаушылар алдындағы жеке жауапкершілігі артады» деді Ерлан Қарин.

Сондай-ақ Мемлекеттік хатшы бір мандаттан сайланған депутаттар өз сайлаушыларын толғандыратын мәселелерді шешу үшін барын салуға мәжбүр болатынын айтты.

«Сайлаушыларға бір мандатты округ бойынша сайланған депутаттарды кері қайтару құқығы беріледі. Бұл – жаңа механизм. Егер депутат сайлаушыларының сенімін ақтамаса, жұмысын тиімді атқармаса, оның өкілеттік мерізімі аяқталуын күтпестен, лауазымнан босатуға болады. Осылайша Мәжілістің де, мәслихаттардың да депутаттары өз сайлаушыларының, яғни, сіздердің алдарыңызда тікелей жауапты болады» деді Мемлекеттік хатшы.

 

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button