Елорда тынысы

Естелік тақтайша орнатылды

Құтқарушылар саябағында 2022 жылы адамдарды құтқару кезінде ерлікпен қаза тапқан елордалық өрт сөндіруші Асқар Забикулинге арналған естелік тақта орнатылды. Бұл туралы Астана қаласының ТЖД баспасөз қызметі хабарлады.

Қызметтік борышын орындау және адамдар өмірін құтқару кезінде   көрсеткен ерлігі мен өз ісіне берілгендігі үшін, азаматтық қорғау капитаны Асқар Серікұлы Забикулин Қазақстан Республикасының «І  дәрежелі Айбын» орденімен марапатталды.

Салтанатты рәсімнің соңынан Департамент бөлімшелерінің жеке құрамының жазғы нысанды киімін киюге жеке құрамның ұйымдастырылған ауысуы мақсатында саптық байқау өткізілді, оның қорытындысы бойынша қызметкерлер өздерінің толық дайындығын көрсетті. Сондай-ақ 16 жас қызметкер салтанатты түрде ант қабылдады. Департамент бастығы Қуанар Базарбаев пен Ардагерлер кеңесінің төрағасы Қ.Аденов жас мамандарды ант қабылдауымен құттықтап, азаматтық қорғау органдары қатарындағы еңбегіне табыс тіледі.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button