Басты ақпарат

Ғарыш саласына саяхат

Астана әкімі Бақыт Сұлтановтың бастамасымен, әкімдік пен «Қазақстан ғарыш сапары» АҚ-тың бірлесіп ұйымдастыруымен Mega Silk Way сауда, ойын-сауық орталығында «Қазақстанның ғарыш жолы» атты көрме ашылды.

Көрменің ашылу салтанатына қала әкімінің орынбасары Ермек Аманшаев пен Есіл ауданының әкімі Төлеген Закарянов және ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібінің вице-министрі Марат Нұрғожин, қос ғарышкер Тоқтар Әубәкіров пен Айдын Айымбетов қатысты.
Қазақстанның ғарыштық қызмет саласын насихаттап, отандық ға­рыш өнеркәсібінің жетістіктерін та­ныс­тыру, көпшіліктің заманауи ғарыш технология­сына деген қы­зығушылығын арттыру мақ­са­­­тын­да ашылған көрмеге ғарыш тақырыбына арналған жәдігерлер мен қазақ ғарышкерлерінің өмірбаяны, атқарған қызметтері туралы стендтер қойылды. Сонымен қатар бұл жерден қазақтың үшінші ғарышкері, Халық Қаһарманы, ҚР Әскери әуе күштерінің генерал-майоры Айдын Айымбетовтің «СОЮЗ» ТМА-16M кемесінен жерге қонған парашютті ғарыш капсуласы, ғарышкердің скафандры, KazEOSat-1 және KazEOSat-2 жерді қашықтықтан бақылау спутниктерінің макеттерін де көруге болады.
– Осы көрмедегі ерекше жәдігерлерді қала тұрғындары мен қонақтарының қызыға тамашалайтынына сенімдімін. Шараға ғарышкерлеріміздің өздерінің қатысуы да көрменің маңызын арттырып отыр. Көрмеге Астанадан бөлек бірқатар өңірден де оқушылар келуде. Мұндағы басты мақсат – жас­өспірімдердің ғарыш саласына деген қызығушылығын ояту, – деді Ермек Аманшаев көрменің ашылу салтанатында.
Ал қазақтың тұңғыш ғарышкері, Кеңес Одағының батыры, ҚР Әскери әуе күштерінің генерал-майоры Тоқтар Әубәкіров бұл көрме ең алдымен жасөспірімдер үшін ұйымдастырылып отырғанын, олар үшін мұның маңызы зор екенін айтты.
Mega Silk Way СОО-дағы бұл көрмені келер жылдың 31 наурызына дейін тамашалауға болады.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button