Басты ақпаратЖаңалықтар

Иван Дычко – Рио Олимпиадасының қола жүлдегері!

Рио-де-Жанейрода өтіп жатқан Олимпиада ойындарында бокстан 91 келіден жоғары салмақ дәрежесінде жартылай финалдар өтті.

0

Жарыстың бұл кезеңінде қазақстандық Иван Дычко мен ұлыбританиялық Джозеф Джойс кездесті.

Төрешілердің шешімімен Д.Джойс 3:0 (29-28, 29-28, 29-28) есебімен жеңіске жетіп, финалға шықты. Ал, И.Дычко екінші рет Олимпиаданың қола жүлдегері атанды.

Айта кетейік, Иван Дычконың бұл «қоласы» Қазақстан Ұлттық құрамасының 16-шы жүлдесі.

 

Фото: Изтурган Алдауев

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button