ЖаңалықтарҚала мен СалаҚала тіршілігі

Көктайғақтан сақ болыңыз!

Алдағы үш тәулікте елордада аздаған жауын-шашын болып, көктайғақ сақталады, деп хабарлайды Астана әкімдігінің медиа орталығы «Қазгидрометке» сілтеме жасап.

16 қарашада күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз болады деп күтілуде. Түнде және таңертең жолдарда көктайғақ болады. Оңтүстік, оңтүстік-батыстан соққан жел – секундына 9-14 метр. Түнде ауа температурасы -1…-3°С, күндіз 0…+2°С.
17 қарашада күн ала бұлтты, күндіз аздаған жаңбыр жауады. Жел оңтүстік-батыстан секундына 9-14 метр болады. Температура түнде
-1…-3°С, күндіз 0…+2°С шамасында.
Ал 18 қарашада күн бұлттанып, жауын-шашын мен көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан басталып, солтүстік-батысқа ауысатын желдің екпіні секундына 9-14 метрден 15-20 метр секундына дейін жетеді. Ауа температурасы түнде -…1+1°С, ал күндіз 0…+2°С.

Гүлдана Талғатқызы

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button