Жаңалықтар

Көлік қозғалысы шектеледі

Астана қаласында өткізілетін дуатлон жарысына байланысты елордамызда 26 маусым күні таңғы сағат 09.00 бастап шара аяқталғанша бірқатар көшелерде көлік қозғалысы шектеледі.

Атап айтар болсақ, Қабанбай батыр даңғылы Сарайшық көшесінен әуежай айналма жолына, Орынбор көшесі М1 көпірінен Керей мен Жәнібек хандар көшесіне дейінгі, сондай-ақ, Керей мен Жәнібек хандар көшесі Тұран даңғылынан Орынбор көшесіне дейінгі аумақтар уақытша жабық болады.

Сонымен қатар, Қонаев көшесі Қабанбай батыр даңғылынан Орынбор,  Достық бойы Қабанбай батыр даңғылынан Орынбор көшесіне дейінгі жолдарда көлік қозғалысы тоқтатылады.

Ұсынылып отырған айналып өту жолдары – Тұран даңғылы, Сарайшық, Сығанақ және Хусейн бен Талал көшелері.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button