Қала тіршілігі

Көмір де, мазут та жетеді

Бас қалаға жылу 4 қазаннан бастап беріле бастады. Бүгінде жылуға 2412 көппәтерлі үй, 36 денсаулық сақтау объектісі, 13 мәдени және 168 білім беру нысаны қосылды.

Бүгінде қалада екі жылу энергия орталығы бар. Және қуаты 100 Гкал дейінгі автономды қазандық жұмыс істейді. ЖЭО-1 қуаты 710,4 Гкал жылу энергиясы және 15,6 МВт электр энергиясы, ал ЖЭО-2 бойынша 1800 Гкал жылу энергия­сы және 460 МВт электроэнергиясын қамтиды. Қазір көмірдің қоры 317 782 тоннаны құрайды. Мазуттың қоры 5154 тоннаға тең. Сондай-ақ мазуттың қосымша резервтегі көлемі 5 382 тоннаны құрайды.
Нормативтік 20 тәулік ішінде ЖЭО-1 бойынша көмір қоры 36140 тонна болса, ЖЭО-2 185420 тонна көмірді құрады. Сонымен қатар энергия көздерінің отын қоры жылуды үздіксіз беру үшін жеткілікті мөлшерде қамтылып отыр.
Қазір нарықтағы көмір саудасы тұрақты бақылауға алынған. «іКөмек109» қызметінің шеңберінде халыққа жедел желі қызмет көр­сетеді. Сондай-ақ теміржолдағы көмір сататын орындарға сараптама жүргізетін мобильді топ құ­рылды.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button