Мәдениет

Көмірлі өңірдің өнер керуені

«Астана Опера» театрында 7-14 тамыз күндері Қарағанды академия­лық музыкалық комедия театрының гастролі өтеді. Биыл 50 жылдық мерейтойын атап өтетін өнер ордасы елордалық көрермендерге мюзикл, оперетта, сондай-ақ музыкалық ертегілер ұсынады.

[smartslider3 slider=3629]

Барлық спектакльдер, соның ішінде балаларға арналған қойылымдар симфониялық оркестрдің сүйемелдеуімен өтеді. Оркестрге дирижерлік етуге Николай Макаревич (Минск қаласы, Беларусь Республикасы) шақырылды.

Гастрольдер жаңа қойы­лымнан – Владимир Баскиннің «Кентервиль қамалының елесі» мюзиклінен басталады. Оның премьерасы өткен жылы желтоқсанда өткен болатын. Көпшілікке Максим Дунаевскийдің «Алқызыл желкендер» қойылымы ұсынылады. Мюзиклдерді Санкт-Петербургтен атақты режиссер, «Золотая маска» сыйлығының лауреаты Сусанна Цирюк қойды. Классиканы ұнататындарға Имре Кальманның танымал әрі көпшілік ұнататын «Цирк ханшайымы» опереттасы көрсетіледі (қоюшы режиссері  – ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Юрий Александров).

Балалар жылы аясында кішкентай көрермендерге «Киелі Самұрық құс» (композитор Әліби Әбдінұров), «Ұшатын кеме» және «Алтын балық» музыкалық ертегілері ұсынылады.

27-28 тамызда «Астана Опера» сахнасында Түркістан музыкалық драма театрының группасы да өнер көрсетеді.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button