Sport

Конфедерация кубогы жеңімпаздарына – 165 миллион

Бокс, күрес түрлері, таэквондо, карате, дзюдо және қазақ күресі бойынша өтетін Конфедерация кубогының жеңімпаздары анықталды.Бокс бәсекесінде Түркістан облысының былғары қолғап шеберлері финалда Нұр-Сұлтан қаласы құрамасын 5:3 есебімен ұтып, жеңіс тұғырының ең биік сатысынан көрінді. Грек-рим күресінде Шымкент қаласының балуандары Алматы облысынан басым түсіп, кубок жеңімпазы атанды. Алматы қаласы каратэ және таэквондо жарысында топ жарды. Дзюдо додасында Шығыс Қазақстан облысы жеңімпаз атанса, еркін күресте Нұр-Сұлтан қаласының балуандары кубок иегері атанды. Қазақ күресі бойынша Конфедерация кубогын Солтүстік Қазақстан облысының «Қызылжар арландары» клубы жеңіп алды.
Конфедерация кубогының жүлделік қоры 165 миллион теңгені құрады.

Тағыда

Ғалым Қожабеков

«Астана ақшамы» газеті бас редакторының орынбасары

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button