Жаңалықтар

Көпбалалы отбасыларды қолдайды

Астаналық көпбалалы аналар ел тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «30 игі іс» шарасына қосылды. Соның аясында Bilim All оқу орталығы көпбалалы отбасылардан шыққан балаларды тегін оқытады.

«Strong mothers NS» қорының құрылтайшысы Ұлжан Мырзагелдиеваның айтуынша, орталықта аз қамтылған, көпбалалы және толық емес отбасылар мен қолдауға мұқтаж отбасылардан шыққан оқушылар түрлі курстар бойынша тегін қосымшаларға қатыса алады. Bilim All орталығында ұзартылған күн топтары, орыс, қазақ, ағылшын және араб тілдері, математика курстары, шахмат үйірмесі, шығармашылық шеберхана, гитара және домбыра сабақтары ұйымдастырылған.
– Бізде көпбалалы отбасылардың балаларына ағылшын тілі сабағы екі ауысымда тегін өткізіледі. Сабақ нақты бағдарлама негізінде беріледі. Балаларды тіл білу деңгейіне, жас топтарына байланысты бөлеміз. Бастауыш сыныпта оқитын балаларға оқу қиын, сондықтан басымдық соған беріледі. Ал орта буынға грамматика, жаңа сөздер үйретуге көмектесеміз, – дейді ағылшын пәні мұғалімі Гүлназ Мақатова.

Еске сала кетейік, Қазақстан тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында елордада «30 игі іс» ұранымен әлеуметтік және қайырымдылық іс-шаралары өтуде. Бұл эстафетадағы ең басты мақсат – қала мен оның тұрғындарына игі іс жасау.
Қала тұрғындары эстафетаға қосылып, шара аясында өз аккаунттарында #Ме­йірімдіболуәдет, #Добротаобразжизни #Моднобытьдобрым хештегімен ақпарат немесе бейнематериал жариялай алады.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button