Sport

КӨШ БАСЫНДА – «АСТАНА»

Жексенбі күні футболдан Қазақстан чемпионатының премьер-лигасында кезекті турдың ойындары өтті. Турдың орталық матчын «Астана Аpена» стадионынан тамашаладық. Еліміздің бес дүркін чемпионы Павлодар қаласының «Ертіс» командасы мен соңғы үш жылда қатарынан ел чемпионы атағын иеленген «Астана» өзара мықтыны анықтады.

b29ad9aa2c773ed7f7aceb98b697b292_xl

Матч алдында Қазақстан кәсіпқой футбол лигасының президенті Азамат Айтхожин сәуір айындағы үздік бапкер мен ойыншыға дәстүрлі естелік сыйлық тапсыр- ды. «Үздік бапкер» сый- лығына «Астана» ко- мандасының бас бапкері Станимир Стойлов, ал «Үздік ойыншы» сый- лығына «Ертіс» команда- сының жартылай қорғау- шысы Аслан Дарабаев ие болды. Ал үздіктері үкіленген командалардың ойыны- на келер болсақ, Астана футболының түлегі, Қа- зақстан құрамасының қақпашысы Давид Лория бастап шыққан «Ертіс» бірден шабуылды бастап жіберді. «Астана» болса, жақсы қорғаушыларымен танылған команда. Қо- нақтардың екпінін бірден тойтарды. Біртіндеп ойын тізгінін қолға алған алаң иелері қатарынан екі мәрте Ло- рия қақпасын қыспаққа алып, қақпа бағытынасоққы жасалды. Бірінде қақпашы құтқарса, енді бірінде доп қақпадын сәл биікке кетті. Шабуылын  үдете берген «Астана» көп күттірмей өз дегеніне де жетті.

Ойынның 13- ші минутында Роман Мұртазаев мергендігімен көзге түсті. Осы есеп көпке дейін өз- гермей тұрды. Ойынға тыңнан қосылған жас футболшы Дидар Жал- мұқан шеберлігімен көзге түсті. Ол 79-шы минутта есепті еселеп, өз командасына жеңіс әкелді. Осылайша 2 : 0 есебімен жеңіске жет- кен «Астана» көш ба- сындағы орнын сақтап қалды. Турдың басқа ойын- дарында мынандай нәтижелер тіркелді: «Оқжетпес» – «Қайрат» 2:3, «Шахтер» – «Ақ- жайық» 1:0, «Атырау» – «Ордабасы» 2:2, «Тараз» – Қайсар» 2:1, «Ақтөбе» – «Тобыл» 1:3. Чемпионаттың мер- гендер бәсекесінде Же- рар Гоу («Қайрат») – 8 гол, Алексей Щеткин («Тобыл») – 6 гол, Жуни- ор Кабананга («Астана») 5 голдың авторы

Ғалым Қожабеков 

Тағыда

Ғалым Қожабеков

«Астана ақшамы» газеті бас редакторының орынбасары

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button