Қала тіршілігі

Көше көркі – Көшеттер

162783

Кеше Астанада Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күніне орай дәстүрлі экологиялық акция өткізілді. Акция аясында Қабанбай батыр даңғылының бойында Энергетика министрлігі мен елорда әкімдігінің қызметкерлері жүзден аса көшет отырғызды.

ҚР энергетика министрінің орынбасары Талғат Ахсамбиевтің айтуынша, шараның басты мақсаты – әлемдік қауымдастықтың, экологтардың назарын қоршаған ортаны қорғау мәселелеріне аудару.
Сондай-ақ, Қоршаған ор­таны қорғау күніне орай мем­лекеттік қызметкерлер мен еріктілер тобы өзендерді тазарту жөнінде санитариялық жұмыстар жүргізіп, елорданы абаттандыруға үлес қосты.

Қымбат Тоқтамұрат

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button