Жаңалықтар

Куәліктер карталарға ауысты

Қала әкімдігінде мемлекеттік қызмет саласында қабылданған жаңашылдыққа арналған баспасөз маслихаты өтті.Ағымдағы жылы 26 қарашада «Мемлекеттік қыз­мет туралы» заңға құқық қолдану тәжірибесі барысында анықталған кейбір олқылықтар мен қақтығыс­тарды жою үшін өзгертулер енгізілгені белгілі. Осы орайда Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаментінің басшысы Жандос Сәрсен бұл мәжілісте бірқатар өзгерістерді атап өтті. Оның айтуынша, әкімшілік лауазымдарға конкурстан тыс тағайындауға құқығы бар адамдардың саны кеңейтілді. Бос басшылық лауазымдарды жедел толтыру үшін басшылық ла­уазымдардың міндеттерін уақытша тағайындау мерзімі 3 аймен шектелген және мемлекеттік органдардың бірінші басшыларының көмекшілері мен кеңесшілеріне басшылық лауазымдардың міндеттерін уақытша тағайындауға тыйым салынды. Бұрын мемлекеттік қызметшілерді оқыту тек Мемлекеттік басқару академиясында жүзеге асырылып келсе, ендігі кезекте ҚР Президентінің жанындағы білім беру ұйым­дарында және олардың филиалдарында, дербес білім беру ұйым­дарында жүзеге асырылады. Қабылданған заңға сәйкес, дамыған елдерде қолданылатын жаңашылдықтар енгізілетін болады. Осылайша халықаралық тәжірибеге сай мемлекеттік қызметшілердің көпшілігінің қызметтік куәліктері сәйкестендіру карталарына ауыстырылады. «Негізгі жалпы түзетулер, яғни конкурс рәсімдерін жетілдіруге, кадр мәселелерін шешуде мемлекеттік органдардың жеделдігін арттыруға, кадр­лардың жетіспеушілігі қаупін төмендетуге, мемлекеттік қызметшілердің жауапкершілігін жоғарылатуға бағытталып, кәсіби мемлекеттік аппарат құруға мүмкіндік береді» деді Ж.Сәрсен.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button