Sport

«Өндірісте» ашылған аула клубы

Елордада көпбалалы, тұрмысы төмен және толық емес отбасынан шыққан балалар мен жасөспірімдерге арналған жаңа «Замандас» отбасылық аула клубы ашылды. Жаңа клуб «Өндіріс» кентінде (Лесозавод) орналасқан №49 орта мектебінің базасында ашылды. Қосымша білім беру және дамыту демалысымен халықтың әлеуметтік осал топтарынан 200-ден астам баланы қамту жоспарлануда.«Биылғы жылы елордада халықтың әлеуметтік осал топтарының балаларына арналған аула клубтарының саны көбейгені қуантады. Мұнда олар тегін білім алып, әртүрлі үйірмелерге қатысады. Бос уақытын тиімді өткізе отырып, өзінің даму жаңа бағытын айқындайды. «Samruk-Kazyna Trust» қорының қолдауымен барлығы 5 клуб ашылды, онда 2 200-ден астам бала бар» деп мәлімдеді «Samruk-Kazyna Trust» Әлеуметтік жобаларды дамыту қорының бас директоры Дияс Әзбергенов.
Балалар мен жасөспірімдерге арналған «Замандас» клубында тегін 20 үйірме бар: арт-терапия, хореография, шахмат, сәндік-қолданбалы өнер, авиамодельдеу, театр үйірмесі, каратэ, музыкалық (домбыра), у-шу, кунг-фу, вокал, сөйлеуді дамыту, тоғызқұмалақ, робототехника, ағылшын және қазақ тілі курстары және т.б.«Биылғы жылы екі жаңа аула клубы ашылды, біреуі – осында, Өндіріс кентінде, ал екіншісі – Силикатный кентінде. Мұнда өз қызметін тегін ұсынатын даму орталықтары өте аз. Бұл тұрғыда тұрмысы төмен отбасылар үшін қиын. «Замандас» отбасылық аула клубында балалар футбол, хореография, шахмат, вокал, қоян-қолтық күрес сияқты үйір­мелерде жаттығулармен айналыса алады» деді «Замандас 21» қоғамдық қорының директоры Ләззат Алшынова.
Сондай-ақ жаңа клубта медиация кабинеті ұйымдас­тырылған, онда «Замандас» клубының мамандары әзірлеген «Бақытты отбасы» клубы аясында психолог ата-аналармен және балалармен жұмыс істейді. Жыл сайын «Бақытты отбасы» клубы ата-аналарға көмек көрсетеді, олар үшін отбасындағы қолайлы жағдай жасауға, ересектер мен балалар арасындағы өзара түсіністікке бағытталған тренингтер мен кеңестер ұйымдас­тырады. Барлық қызметтер тегін көрсетіледі.

Тағыда

Төлен Тілеубай

«Астана ақшамы» газетінің шеф-редакторы

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button