Мәдениет

Димаштың тағы бір жеңісі…

Дара дауысты әнші Димаш Құдайберген Ресейдің «Виктория» сыйлығының екі аталымын жеңіп алып, қазақ өнерін тағы бір асқақтатты.Дарынды әнші бұл жаңалығын Instagram парақшасында бөліскен. «Құрметті достар, мен аса қуанышпен сіздерге ресейлік «Виктория» музыкалық премиясында екі аталымда – «Классикалық музыкада жылдың әншісі» және «Жыл жаңалығы» бойынша жеңіске жеткенімді жеткізгім келеді. Менің барша әлемдегі тыңдармандарыма қолдауларыңыз үшін үлкен рақмет! Бұл жеңісімді әлемдегі барша тыңдармандарым #dears-қа арнадым» деп Димаш жазды» дейді «Қазақпарат» агенттігі.
Сондай-ақ ол Ресейдегі командасына және композитор Игорь Крутойға ризашылығын білдірген. Айта кетейік, «Виктория» – өткен жылдың қорытындысы бойынша үздік кәсіби өнерпаздарды – музыканттарды, орындаушыларды, композиторларды, ақындарды, продюсерлерді, журналистерді таңдайтын Ресейдегі жалғыз сыйлық.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button