Білім

Математика мәселелерi талқыланды

Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетiнде математика, механика және информатика пәндерiнен IҮ Республикалық студенттiк ғылыми-практикалық конференциясы өттi.
Оны ҚР Тұңғыш Президентi аудиториясында ректор Е.Сыдықов құттықтау сөзбен ашып, ҚР ҰҒА академигi М.Өтелбаев, ф.-м ғ.д., профессор Н.Темiрғалиев, п.ғ.д. Ж.Нұрбекова, т.ғ.д. А.Шәрiпбаев жылы лебiздерiн бiлдiрдi. Пленарлық отырыста университеттiң оқытушылары Г.Мұсабаеваның, Г.Алушаеваның, В.Шиннiң, А.Қалиевтың баяндамалары тыңдалды.
Сондай-ақ, конференция барысында басқа да белгiлi ғалым-мамандар қазiргi математика пәнiнiң проблемалары мен заманауи талаптарға сай оқыту мәселелелерi жөнiнде сөз қозғап, ой-пiкiрлерiн ортаға салды, арнаулы шеберлiк сабақтарын өткiздi.

Сымбат МҮТАЛАПХАНҚЫЗЫ

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button