Жаңалықтар

Мекенжай анықтамасын сайлау учаскесінен алуға болады

20 наурызда Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауы және Астана қаласы мәслихаты депутаттарының кезекті сайлауы өтеді. Әрбір сайлау учаскесінде сайлаушыларға қолайлы болуы үшін шағын ХҚКО жұмыс істейтін болады.

5f9462bf704c7c2818a33213a7c44573

Мұндай ХҚКО тұрғындарды қандай да болмасын сайлау учаскесінің сайлаушылар тізіміне енгізу үшін мекенжай анықтамаларын беретін болады.

Ескерту: дауыс беру құқығына ие азамат тек тіркелген сайлау учаскесінде ғана өз дауысын бере алады.

Мысалы: Иванов Иван Иванович «Сарыарқа» ауданы С. Кубрин көшесі, № 20/1 мекенжайы бойынша тұрса, онда ол №272 сайлау учаскесіне қатысты сайлаушылар тізімінде болады, егер ол бұл тізімнен табылмаса, шағын ХҚКО қызметін пайдалана отырып, осы сайлау комиссиясына осы учаскеде тұратынын растау үшін мекенжай анықтамасын ұсынып, дауыс береді.

Өз сайлау учаскеңізді http://service.astana.kz/SearchElectionArea/сілтемесі бойынша таба аласыз.

Шағын ХҚКО жұмыс істеу тәртібі:

1.Азамат мекенжай анықтамасын беру туралы өтініш жасайды;

2. Шағын ХҚКО қызметкері мәліметтерді өңдейді;

3.Мекенжай анықтамасы беріледі;

4.Сайлаушы тіркелген учаскесі бойынша дауыс береді.

Егер азамат сайлаушылар тізімінде болмаған жағдайда, сайлау учаскесінің жауапты тұлғасы (бұдан әрі – жауапты тұлға) сайлаушыға өтініш толтыру үшін жеке бөлінген орынға өтуді және оның тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растауды ұсынады.

Тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растау келесі тәртіпте жүзеге асырылады:

1) Сайлау учаскесінде кепілді жоғары жылдамдықты интернетке кіру мүмкіндігінің болуы:

1.1.Жауапты тұлға электронды пошта арқылы ХҚКО бекітілген қызметкеріне сауал жолдайды;

1.2. ХҚКО бекітілген қызметкері сауалды алған соң мекенжай анықтамасын алу үшін ХҚКО ИАЖ өтінімді рәсімдейді;

1.3. ХҚКО ИАЖ-дан нәтиже келген соң ХҚКО бекітілген қызметкері электронды пошта арқылы мекенжай анықтамасын (сканерлеместен) жауапты тұлғаға жолдайды.

2) Сайлау учаскесінде кепілді жоғары жылдамдықты интернетке кіру мүмкіндігі болмаса:

2.1. Жауапты тұлға телефон байланысы немесе факстық хабарламамен ХҚКО бекітілген қызметкерінен азаматтың АТӘ мен ЖСН міндетті түрде көрсете отырып, мәліметтерді сұратады;

2.2. ХҚКО бекітілген қызметкері сұратуды алған соң мекен жай анықтамасын алу үшін ХҚКО ИАЖ өтінімді рәсімдейді;

2.3. ХҚКО ИАЖ-дан нәтиже келген соң ХҚКО бекітілген қызметкері телефон байланысы немесе факсты хабарламамен мекенжай анықтамасын жауапты тұлғаға жібереді.

Сайлаушының тіркелген орны бойынша тіркеу туралы мәліметтерді растауды алған соң сайлаушы сайлаушылар тізіміне енгізіледі және оған дауыс беру үшін бюллетень беріледі.

Осы сайлау учаскесінде тіркелу фактісі расталмаған жағдайда, сайлаушы өзінің тіркелген жері бойынша сайлау учаскесіне жіберіледі.

Мекенжай анықтамасында қате немесе толық емес ақпарат болған жағдайда – мекенжайы дұрыс болмаса немесе тіркелу мерзімі көрсетілмесе, жауапты тұлға азаматқа ХҚКО көші-қон полициясы қызметкерімен жүзеге асырылатын мекенжай мәліметтерін түзету үшін жылжымайтын мүлікке (пәтер, үй) құқық белгілеуші құжаттармен ХҚКО жүгінуге кеңес береді.

Жұмыс күнінің қорытындысы бойынша учаскелік сайлау комиссиялары ХҚКО сайлау күні ішінде қосымша тізімдерге енгізілген сайлаушылардың АТӘ мен ЖСН-і көрсетілген ресми сауал жолдайды.

Осы сауал бойынша ХҚКО жауапты тұлғалардың сауалдары бойынша сайлау барысында берілген сайлаушылардың мекенжай анықтамаларын жолдайды.

astana-akshamy.kz

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button