Білім

Мектеп формасы қалай өзгереді?

2023 жылы мектеп формасы өзгереді. 2022 жылғы 30 желтоқсанда Оқу-ағарту министрі қол қойған бұйрық 5-қаңтардан бастап күшіне енді. Оның тәртіптері мен ережелері ашық талқыға шығарылған ведомствоның бұйрығында жазылды. Енді мектеп формасына қатысты заңнамалық нормалар қолданылатын болады.

Өңірлік коммуникациялар қызметінің онлайн брифингінде Алматы қалалық білім басқармасының Рухани-адамгершілік тәрбие бөлімінің басшысы Нұргүл Тау оқушы қыздар мен ұлдар үшін мектеп формасына түйме немесе сыдырмасы бар трикотаж күрте (кардиган), поло жейде немесе тенниска қосылғанын мәлімдеді.

Ер балаларға арналған мектеп формасы:

– пиджак, жилет, шалбар, мерекелік жейде, күнделікті жейде, не түймелері бар немесе сыдырмалы тоқылған күрте (кардиган), поло жейде немесе тенниска (қыс мезгілінде: трикотаж жилет, водолазка). Ұлдарға арналған шалбарлар еркін тігілген және ұзындығы бойынша тобықты жауып тұрады.

Қыз балаларға арналған мектеп формасы:

– пиджак, жилет, белдемше, шалбар, классикалық жейде, не түймелері бар немесе сыдырмалы тоқылған күрте (кардиган), поло жейде немесе тенниска (қысқы уақытта: трикотаж жилет, сарафан, водолазка). Қыздарға арналған шалбарлар еркін тігілген және ұзындығы бойынша тобықты жауып тұрады.

Жалпы, білім басқармалары ата-аналарға мектеп формасын отандық өндірушілерден сатып алуды ұсынады.

Алматы қаласы білім басқармасының өкілі юбканың түсі, стилі, ұзындығын орта білім беру ұйымы және мектептің ата-аналар жиналысының хаттамасымен бекітілген Қоғамдық кеңес белгілейтінін айтты.

Жаңа ережеге сәйкес, мектеп формасына орта білім беру ұйы­мының ерекшелік белгілері: эмблема, тігіспе, шеврон орналастыруға рұқсат етіледі.

Мектеп формасына арналған маталар – сапасы жақсартылған, тез тозбайтын, бактерия, микробқа қарсы және антистатикалық қасиеттері бар жартылай жүн және мақта маталар болғаны жөн. Бұрын бұл міндетті талап болатын.

Тағыда

Гүлшат Сапарқызы

«Астана ақшамы» газетінің тілшісі, ақпарат саласының үздігі

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button