Жаңалықтар

МЕРЕЙЛІ ОТБАСЫНЫҢ МЕМУАРЫ

«Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының жеңімпазы астаналық Ахметовтер әулеті туралы жазылған кітап жарық көрді.

Кітапта Кендай Ахметов өзінің қызықты да өнегелі өмір жолын баяндап қана қоймай, көргені мен көңілге түйгенін айтып, тіршілік  тәжірибесінен туындаған ойларын ортаға салады.

Қазақстан темір жолы саласындағы әулеттік жалпы еңбек өтілі 1264 жылды құрайтын бұл отбасының өзгелерге үлгі боларлық тұстары көп. Кітап авторы темір жол стансасында өткен балалық шақтың естен кетпес бал күндері жайында әсерлі әңгімелейді. Әулеттің үлкендерін сыйлау, туыстық, бауырмалдық қарым-қатынас, білім алуға, замана көшінен қалмауға ұмтылу, дәстүр мен ата салтын көздің қарашығындай сақтау – оның қастерлі қасиеті, үлкен мұраты екені аңғарылады.

Кітаптағы балалық шақ, перзенттік сезімнен бастап, достық, махаббат, адамдар арасындағы сыйластық, адалдық, қызметтегі жауапкершілік, тағы басқа ізгі қасиеттер мен тартымды баяндалған оқиғалардан автордың биік болмысы кеңінен таныла түскендей.

Көз сүзіп шыққан жалпы оқыр­манды жаңа туындының бей-жай қалдырмасына сенімдіміз.

Нәзира САЙЛАУҚЫЗЫ

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button