Мәдениет

Мерейтойлық маусымдағы марапат

Бейсенбі күні елордадағы байырғы өнер ошағы – М. Горький атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театрының 120-мерейтойлық маусымы ашылды. Мәдени ошақ ұжымын мерейтойы­мен құттықтауға Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова, Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов, Ресейдің Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Алексей Бородавкин арнайы қатысып, өнер иелеріне марапаттарды тапсырды.

Министр Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың құттықтау хатын оқып берді. «Еңбек ардагері» медалін Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Наталья Косенкоға, «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісін Наталья Матвееваға, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, театрдың бас режиссері Бекболат Пармановқа, театр директоры Айболат Жанғалиұлына, актерлар Иван Анопченкоға, Оксана Бойкоға, Игорь Сединге, өндіріс бөлімінің бастығы Руслан Мухамадиевке, бас әкімші Татьяна Шульженкоға, кадрлар инспекторы Жанар Мубараковаға тапсырды.
Мәдениет және спорт министрінің алғыс хаттарымен театр әртістері Нина Дроботова, Маргарита Мухаметдиева, Лариса Лебедева, электрлік цех меңгерушісі Айдын Досаев марапатталды.
Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің алғыс хатын қала басшысы Татьяна Алиеваға, Мария Бандышеваға, Айжұлдыз Бағлановаға, Евгений Карачаровқа, Болат Кирибаевқа, Александр Корженкоға, Людмила Крючковаға, Анастасия Кумбароскиге, Александра Кустовскаяға, Серік Көшкімбаевке, Александр Лукашевичке, Арайлым Мұсабаеваға, Айнагүл Сүлейменоваға, Найля Терехинаға, Надежда Шевченкоға, Данил Хомкоға табыстады.
Кеш Н. Островскийдің «Найзағай» қойылымымен жалғасты. Бұл спектакльді Ресейден арнайы шақырылған тәжірибелі режиссер Рача Махатаев сахналады.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button