Білім

Әл-Фараби әсерімен эссе жазды

Елордада әл-Фарабидің 1150 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған қалалық «Мейірімді қала тұрғындары» атты эссе конкурсының жеңімпаздары мен жүлдегерлері марапатталды.

Қазылар алқасының төрағасы филология ғылымдарының докторы, академик, алаштанушы Дихан ­Қамзабекұлы өз сөзінде қатысушылар мен іс-шараны ұйымдастырушыларға алғысын айтып, конкурсқа келіп түскен кей жұмыстардың мазмұны мен ерекшеліктеріне тоқталды. «Қазылық өте айқын және шынайы болды, білімпаз балалардың деңгейін көріп қуанып та жаттық, алайда бір айта кетер жайт, «плагиат» жұмыстар да болды. Сондықтан болашақта өз ойларыңызды, пікірлеріңді жеткізіп үйреніңіздер. Жүлделі орын алған барлық балалар өз ойлары мен пікірлерін жеткізе алып, әл-Фараби бабамыздың еңбектеріне қатысты ойларын білдіріп, бүгінгі күнмен де ұштастыра алған» деді қазылар алқасының төрағасы.
«әл-Фарабидің өмірбаяны, ұлы ойшылдың рухани мұрасы», «әл-Фарабидің ғылыми-шығармашылық еңбектері туралы», «әл-Фарабидің әлем ғылымына қосқан үлесі», «әл-Фараби идеяларының бүгінгі қоғаммен сабақтастығы» тәрізді еркін тақырыптарға жазылған мазмұнды материалдар арасынан үздік эссе жұмыстары іріктеліп алынды. Қазылар алқасының шешімімен 2 номинация бойынша мектеп оқушылары және ЖОО мен колледж студенттері арасында өткізілген конкурс жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне бағалы сыйлықтар табысталды.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button