Мәдениет

Музыка мен лирика үндестігі

Астананың М.Горький атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театры «Музыка мен сөз өнерінің үндестігі» атты музыкалық-поэтикалық кеш өткізді.

Көрермендер музыка мен лирика тығыз тоғысқан жылы атмосфераға енді. Әр дәуірдегі орыс ақындарының өлеңдерін театрдың танымал актерлері оқыды. Атап айтқанда, классикадан Михаил Лермонтов, модернистерден Александр Блок, Владимир Маяковский, Марина Цветаева, Валерий Брюсов, Николай Гумилев, Александр Вертинский, қазіргі поэзия өкілі Вера Полозкова сынды ақындардың өлеңдерін әртістер Светлана Фортуна, Денис Анников, Екатерина Максим, Ульяна Апрельская, Сергей және Дмитрий Маштаковтар жеткізді.

Кештің музыкалық бөлімі театрдың жаңа қызметкерлері Илья Марков, Владислав Чижов және Василий Упоровтың орындауындағы танымал орыс романстарынан тұрды.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button