Жаңалықтар

НАҚ-НАҚ

Аптадағы ауа райы

Астанада осы аптада ауа райы құбылмалы болады. Күн жылы, жауын-шашынды болады. Елордада 7 күн бойы көшпелі бұлт шығады, өткінші жаңбыр жауады, күн күркірейді. 

Е.gov.kz елді оқытпақ

Қазақстанда шілде-қара­ша­ аралығында egov.kz элек­трон­дық­ үкімет порталымен жұмыс істеу бойынша оқыту семинарлары ұйымдастырылады.  Мамандар республикамыздың 100 елді мекенінде жергілікті тұрғындарға интернет арқылы белгілі бір мемлекеттік қыз­мет­терді алу процедураларын жеңілдету туралы айтып береді. Елорда тұрғындарына арналған курстар 9 шілде-30 қараша аралығында өтеді.

Будан уланды

Астана қаласының Сарырақа ауданында жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде «Астана су арнасы» МКК 27 жасар жұмысшысы кәріз люгіне құлап кетіп, көмір сутегінің буына уланудың салдарынан оқиға орнында қаза тапты.

 Кеше

Астанада корейлік «I Maеstri» ерлер хорының концерті өтті.

Бүгін

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Мұражайында  «Астана – арман қаласы» көрмесі өтіп жатыр.

 Ертең

 Тәуелсіздік сарайында «Сырымыз бір» атты Шымкент суретшілерінің көрмесі өтеді.

Сансөйлем

11 Астанада Тамыз кеңесі аясында осынша ұстаз пәтер кілтін алды.

Еркежан СӘТІМБЕК

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button