Басты ақпарат

Олимпиада жалауы желбіреді

Кеше Қытай астанасы Бейжіңде ХХІV қысқы Олимпиада ойындарының жалауы көтерілді. Төрткүл дүние көз тіккен дүбірлі сайыстың ашылу салтанатына ҚХР Төрағасы Си Цзиньпиннің шақыруымен келген Қазақ­стан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қатысты.

[smartslider3 slider=2009]

«Құс ұясы» стадионында өткен шеруде Қазақстан туын шорт-­трекші Абзал Әжіғалинев пен конькимен жүгіруші Екатерина Айдова көтеріп шықты.

Олимпиада ойындарында спорттың 15 түрінен жарыстар өтеді. 109 алтын медаль сарапқа салынады. Қазақстан намысын 34 спортшы қорғайды.

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-­Жомарт Тоқаев ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинмен келіссөздер өткізеді. Келіссөз барысында Қазақстан мен Қытай арасындағы жан-жақты стратегиялық ынтымақтас­тықтың даму перспективалары талқыланады.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button