#Жаңа Қазақстан

Оң өзгерістер күтеміз

[smartslider3 slider=2628]

– Бұл Жолдаудың тарихи маңызы жоғары болғанын бәріміз көрдік. Өткен жылы Қазақстан Тәуелсіздігіне 30 жыл толды, бұл көп уақыт емес, бірақ сол аралықта біраз нәрсе жасалды. Соның ішінде денсаулық сақтау саласында оң өзгерістер көп болды. Мен Жолдауды тыңдап отырып, барлық айтылған мәселелерге дәрігер және денсаулық сақтау жүйесіндегі менеджер маман тұрғысынан қарадым. Мәселен, Президентіміз шынайы бар мәселені жасырып, әдемі сандарға әуес болудан қашуға шақырды. Бұл әсіресе денсаулық сақтау саласына қажет-ақ, себебі нақты көрсеткіштерді жасырып, сан қуу сапаға кері ықпалын тигізеді. Жылдан-жылға сан қуып, өз жұмысымызды ұмытып кетіп жүргеніміз жасырын емес. Соның кесірінен денсаулық сақтау саласындағы түйткілді мәселелер жоғарыға жетпеген күйі шешілмей, қордаланып жинала береді.

Одан бөлек, Мемлекет басшысы азаматтық қоғам институттарының және мемлекеттік емес сектор рөлін нығайтуға тапсырма берді. Денсаулық сақтау саласында да бөлек, үкіметтік емес ұйымдар көп. Олардың көздеген мақсаты сапаны арттыру болса да, көбіне жанайқайы естілмей қалып жатады. Еліміздің денсаулық сақтау саласында сапалы қызметтерді көбейту үшін оларды денсаулық сақтау жүйесінің сапына толық қосуға мүмкіндік жасау керек. Денсаулық сақтау саласындағы кез келген стратегиялық және ұлттық құжаттарды әзірлеуге олар да қатыса алуы керек. Сонымен қатар саладағы кәсіби қауымдастықтар санын да арттыру қажет. Меніңше, олардың саны қазіргі таңда еліміз үшін жеткіліксіз. Жолдауда сонымен қатар 3 облыс құрылатыны да айтылды. Бұл өзгерістің денсаулық сақтау саласына да әсері болады. Себебі жаңа әкімшілік аумақ құрылған соң, денсаулық сақтау саласында да инфрақұрылымдық жұмыс жүргізіліп, көптеген өзгеріс болады. Президенттің жергілікті басқаруды орталықтандыру туралы да айтқан сөздері көңілге қонымды.

Қанат ТӨСЕКБАЕВ,

№8 қалалық емхана директоры:

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button