Елорда тынысы

Оңтүстік-Шығыс ауданы қалай өзгереді?

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов Оңтүстік-Шығыс елді мекенінің тұрғындарымен кездесті. Кездесуде аталған елді мекенді дамыту және абаттандыру туралы айтты.

[smartslider3 slider=1845]

«Елордамыздың аудандары мен елді мекендерін дамыту бойынша тұрғындармен тұрақты кездесіп тұрамыз. Оңтүстік-Шығыс елді мекенінің тұрғындарымен кездесіп, жүзеге асқан жұмыстарымызды және одан әрі даму жолымызды талқыладық. Бұған дейін Оңтүстік-Шығыс тұрғындары әлеуметтік нысандардың қажеттілігі туралы проблема көтерген болатын. Тиісті жұмыстар орындалған соң, Жерұйық-2 саябағы аумағында мектеп пен балабақша құрылысын бастаймыз. Бұдан бөлек, алдымыздағы көктемде Алматы ауданында жұмыс істейтін жастарға арналған тағы бір қолжетімді тұрғын үйдің құрылысын аяқтаймыз. Ал елді мекендерде биылдың өзінде 4 мектеп салуды жоспарлап отырмыз. Өткен жылдардағыдай жолдар мен аулалардың, сол сияқты қоғамдық кеңістіктердің (саябақтар, гүлзарлар, желекжолдар) құрылысына ерекше назар аударамыз. Мысалы, Бурабай көшесінен Есіл көшесіне дейін, сондай-ақ Р.Қошқарбаев даңғылы – Қордай көшесінде үлкен гүлзарлар саламыз, онда балалар да, үлкен кісілер де уақытын көңілді өткізетін болады» деді қала әкімі.

Алтай Көлгіновтің айтуынша, Оңтүстік-Шығыс елді мекенінде газдандыру жұмыстары жүріп жатыр.

«Өздеріңіз білетіндей, ірі елді мекендердің бірі – Оңтүстік-Шығыс қаламыз­дағы түтіннің негізгі көздерінің бірі болып саналады. Газ тарату желілерін біз 9 елді мекенге орнаттық. Осы мақсатта 680 км-дан астам газ тарату желісі салынды. Газдандыру – Елбасының тарихи жобасы, бұл бастама қала тұрғындарының өмір сүруін барынша қолайлы етуге, сондай-ақ қала экологиясын айтарлықтай жақсартуға мүмкіндік береді. Оңтүстік-Шығыс елді мекенін қауіпсіздендіру әрі тұрғындарға жайлы болуы үшін толықтай жарықтандырамыз. Сондай-ақ Оңтүстік-Шығыс елді мекенінде газдандыру жұмысы жүріп жатыр. Тұрғындардың бір бөлігі көгілдір отынға қосылды. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша елді мекендеріміз жүйелі түрде дамып келеді. Қаламызға қарасты 16 елді мекен бар. Мәселен, елді мекендерге 13,5 км инженерлік желі, 5 км-ден астам кәріз және су құбыры, 3 км-ден астам нөсер кәрізі салынды. Екі жыл ішінде 160-тан астам көше салынды, әлеуметтік нысандар, аулалар мен қоғамдық кеңістіктер желісі айтарлықтай кеңейтілді» деді елорда әкімі.

 

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button