Мәдениет

Осы бір сәт ұнайды

Ұлттық академиялық кітапханада ақын, Жазушылар одағының мүшесі Толқын Қабылшаның «Осы бір сәт ұнайды» атты кітабының тұсаукесері өтті.

[smartslider3 slider=1582]

Мемлекеттік тапсырыс аясында жарық көріп, 3 мың дана таралыммен қалың оқырманға жол тартқан бұл кітап – автордың үшінші жыр жинағы. Кешке Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, белгілі сатирик Көпен Әмірбек, қаламгер, ғалым Оңайгүл Тұржан, ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Қалқаман Сарин, Серікзат Дүйсенғазы, Танакөз Толқынқызы, Ербол Бейілхан, өзге де ақынның қаламдас достары мен оқырмандары қатысты. Жаңа жыр жинақтың лентасын қиған Көпен Әмірбек отбасы мен өлеңді қатар алып жүрген ақын қызға ақ жол тіледі.

«Біздің кезімізде ақын апамыз Мәриям Хакімжанова, одан кейін Фариза Оңғарсынова, Күләш Ахметова шықты. Араларында көптеген тамаша ақын қыздар көрініп, тұрмыс құрып, қазан-ошақтың қасынан шыға алмай қалды. Поэзияның киесін таппады. Бұл жас Толқын қазан-ошақты да ұстап, қара шаңырақты шайқалтпай, ­бала-шағасын өсіріп, ана болып, екі жақтың да авторы болып жүр. Үйдің және поэзияның. Қатар ұстау өте қиын. Сенің сеңгір-сеңгір тауларың – поэзия. Шыңы сол. Сол шыңға шығар бұл алғашқы баспалдағың. Тау мен таудың басы бөлек болғанмен, етегі бір. Ақын поэзияны көтерсе, халық ақынды көтереді» деді К.Әмірбек.

Сырласу түрінде өткен кеште Толқын Қабылшаның поэзиясы мен өмірбаяны таныстырылып, өлеңдері оқылды.

Баян Асылбекова

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button