Жаңалықтар

Отан қорғау – абыройлы міндет

ERA_0016

Кеше «Отан қорғаушылар» алаңында мерзімді әскери міндетін атқаруға аттанған 50 астаналық азаматты шығарып салуға арналған «Елді қорғау – ұрпақ міндеті» атты әскери-патриоттық шара өтті. Ұлы Жеңістің 70 жылдығына орай ұйымдастырылған салтанатты шара Мемлекеттік күзет қыз­метінің президенттік оркестрі орындаған әнұранмен ашылды. Астана қаласы әкімдігі мен Қорғаныс министрлігі атынан майданда қаза тапқан жауынгерлерге тағзым гүлі қойылды.

Қазақстан Қарулы Күштерінің қатарын толықтыратын әскерге шақырушыларды Ұлы Отан соғысының майдангерлері,
жауынгер-интернационалистер, мемлекеттік және қоғамдық ұйымдардың өкілдері, ата-аналары, туысқандары, дос-жарандары шығарып салды. Отан алдындағы борышын өтеуге аттанып бара жатқан жігіттерге Ұлы Отан соғысының майдангері Алексей Фролов, «Халық қаһарманы», Мәжіліс депутаты Бақытжан Ертаев, Астана қаласы әкімінің орынбасары Ермек Аманшаев, қалалық Ардагерлер кеңесінің төрағасы Амангелді Сыздықов жастарға тілектерін айтты.
– Құрметті жастар, бүгін сіздер Отан алдындағы абыройлы міндетті орындауға аттанып барасыздар. Әскерге бару – елді қорғау. Бұл ер жігіттің ел-жұртының алдындағы қасиетті борышы болып саналады. Сондықтан да командир ретінде айтарым, жауынгерлік антқа адал болып, мәртебелі міндеттеріңді абыроймен атқарып келулеріңе тілектеспін, – деді Б.Ертаев.
Салтанатты шара аясында жас­тарға әскери техника көрсетілді. «Желкен» сахнасында әскери-патриоттық әндер шырқалды. Осылайша әскер қатарына алынған астаналық жастар патриоттық рухтары көтеріліп, Отан алдындағы міндеттерін орындауға аттанды.

Ғалым ҚОЖАБЕКОВ

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button