Елорда тынысы

«Otbasy duatlon» шақырады

Астанада 24 қыркүйек күні отбасы дуатлоны ұйымдастырылады. «Otbasy duatlon-2023» қатысушыларына тіркеу нөмірлері 24 қыркүйекте таңғы 8:00-ден 10:00-ге дейін беріледі. Жарысқа 8 жастан 9 жасқа дейін, 10 жастан 11 жасқа дейін және 12 мен 13 жас аралығындағы балалар және олардың әкесі мен анасы қатыса алады.

«Otbasy duatlon» жарысы спорттың екі түрінен үш қа­шықтық бойынша өтеді.

  • Жүгіру (әкесі) – 2,1 км;
  • Велосипед жарысы (анасы) – 2,1 км;
  • Жүгіру (бала) – 200 м.

Әкелер старт сызығынан 2,1 км қашықтыққа бірінші болып жүгіреді, әрі қарай эстафетаны жұбайына тапсырады, өздері транзиттік аймақта күтіп тұрады.

Велосипедпен 2,1 шақырымды екінші болып аналар жүріп өтеді, осыдан кейін 200 метр қашықтықта балалар жүгіреді.

Әр топтағы жарыс жеңімпаздары барлық қашықтықты бағындырған уақыт бойынша анықталады.

Марафоншылардың бәрі медальмен марапатталады. Жеңімпаздар бірінші, екінші, үшінші орын дипломдарымен және бағалы сыйлықтармен марапатталады. Сонымен қатар қатысушыларға премиум фитнес клубының арнайы сертификаты беріледі. Сондай-ақ қатысушылар арасында ұтыс ойыны ойнатылады.

«Otbasy duatlon» іс-шарасына тіркелу үшін мына телефон нөмірлеріне хабарласуыңызға болады: 8-747-054-59-00 (Дарын), 8-707-977-99-70 (Ризабек).

 

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button