Мәдениет

Оюмен ой айтқан…

Бас қаладағы Әскери-тарихи музейде белгілі оюшы, қолөнер шебері, өлкетанушы Шөптібай Байділдиннің «Оюмен ой айтқан елміз» атты жеке көрмесі өтті.

Көрмеге шебердің 400-ден астам жұмыстары қойылды. Оның бәрі де қазақы нақыштарымен ерекшеленеді. Әсіресе, ою-өрнектердің ұлттық киімдерге, тұрмыстық бұйымдар мен үй жиһаздарына арналған түрлері көздің жауын алады. Жануарлардың сыртқы пішініне ұқсас бейнелері де қағазға көркем түсірілген.

Шөптібай ағамызды көзіқарақты жұрт жақсы біледі. Қырық жылдан бері осы ою ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесінде ағамыздың ою-өрнектеріне шетелдіктер қызығушылық танытып, халқымыздың ғажайып өнеріне таңданыс білдірген. «Қазақ жерінен табылған алтын адамдардың әшекей бұйымдарынан түрлі өрнектерді көресіз. Соған қарағанда, біздің халқымызда бұл өнер ежелден қалыптасқан. Жазу болмағанда өрнек салумен айналысады. Бүгінге дейін оюлардың екі мыңнан аса түрін жасаған. Шебердің қолынан шыққан сызбалар елімізге ғана емес, шетелге де жақсы таныс. Жұмыстары 1992 жылы Түркияда, 1996 жылы Америкада өткен Атланта Олимпиадасында қойылған. Көп жылдан бері бас қала мен аймақтарда көрмелері жиі ұйымдастырылады. Былтырғы да ою болды. «Қошқар мүйіз», «Қыз табан», «Аша тұяқ», «Ат бас» секілді оюлардың атынан сырлы дүниені аңғаруға болады. Сондықтан менің де оюмен ой айтқым келеді де тұрады» дейді шебер.

Шара барысында белгілі жазушы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Қойшығара Салғара мен «Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігі орталығы төрағасының бірінші орынбасары Өмірзақ Озғанбаев сөз сөйлеп, өнер иесіне игі тілектерін білдірді. Оюшы жиналғандарға шеберлік дәрісін өткізді. Сөз арасында айта кетейік, Шөптібай ағамыз – тек шебер ғана емес, қаламы жүрдек қаламгер. Оның бұған дейін «Қазақтың ою-өрнектері», «Ою ой, өрнек сал», «Санаулы ғұмырымдағы саналы ойларым», «Кейкі батыр» атты кітаптары жарық көрген.

Аталған көрме 13 шілдеге дейін жалғасады.

Азамат ЕСЕНЖОЛ

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button